Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты имам-молдалардың жиыны өтті.
Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен 5 бағытының жұмысы, келер жылғы газет және журналға жазылу барысы, мешіттердің қыс мезгіліне дайындығы, мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығы мен имам-молдалардың киім үлгісі мен тәртібі сөз болды.
Аудан имамы Азамат Берікұлы имам-молдаларға бірқатар тапсырмалар беріп, қызметтерінде абырой-бедел тіледі.
Жиын соңында Еліміздің, жеріміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.