ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма қарсаңындаЖамбыл облыстық орталық мешітіндеМұхамед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) туған айы құрметіне мәуліт оқылды.

Айтулы шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы мен дін қызметкерлері қатысты. Екі дүние сардары, ізгілік жаршысы, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айының құрметіне орай мәуліт жыры оқылып, жамағатпен бірге салауат айтылды. «Оқылған құран мен мәуліт шәріп шарапатымен елімізді нұрландыруын және қаламызды бейбіт мекенге айналдыруын нәсіп етеуін тілейміз», – деп дұға жасады қаланың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы.

Алла Тағаладан елімізге тыныштық, амандық-саулық тілеп бата жасалды. Қабыл болар дұғаның бір шарты Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және оның әулетіне салауат, сәлем айту екенін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: