Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы қуаныш Досымжанұлының пәрменімен, аудандық мешіт ұстазы Айгерім Шыналидің ұйымдастыруымен сауат ашу курсының шәкірттерінің қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде күнделікті тұтынатын жеңіл астар мен тәтті тағамдар саудаға ұсынылды. Жұма намазға келген жамағат сауда жасап, дәмін татып, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты. Жәрмеңкеден түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа жұмсалатын болады. Алла баршамыздың қасиетті жұмада жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етсін.
Түзелбеков Қуаныш
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: