«Кәрібай молда» мешітінде әйел – қыздар жамағатына арнайы семинар өтті. Жиынға аталмыш мешіттің Байториева Ғалия ұстаздың шәкірттері қатысты.
Семинарды Рамазан Ғалия «Әлеуметтік желіде мұсылман әйелдің әдебі» тақырыбында насихат айтып, шариғи әдептерді түсіндірді. Өз кезегінде шәкірттін қолдаған ұстаз әйел адам әдебі, желі әдебі тақырыптарын ашықтап, жиналған әйел-қыздарға әрбір жағдайда әдеп сақталуы керек болғаны секілді, әлеуметтік желіде отырғанда да әдептен озбау маңызды екенін айтып түсіндірді.
Әйел қауымы жиналыс барысында қызықты ойындар ойнап, сый-сияпат алып мәз болды.