Мәуліт арабша «туылу» «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың «оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде күндердің төресі болған жұма күні мәуліт жыры оқылды. Аудан бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев жиналған жамағатқа Ардақты Пайғамбарымыздың өмір-баянынан уағыз-насихат айтты. Жұма уағызанан кейін аудан бас имамы мен аудандық мешіттің наиб имамы мәуліт жырын оқыды. Алла Елшісіне деген сүйіспеншілігі артқан мешіт жамағаты өте керемет әсер алды. Намаздан соң мешітке келушілерге 600 дана палау таратылды.