Сарысу аудандық мешітінің бас имамы Айбек Амангелдіұлы «Дін мен дәстүр» аясында кебін тігу тәртібі мен әдебін түсіндірді.
«Кебін – марқұмның денесін орайтын ғұрыптық киім есебіндегі ақ мата. Кебін сөзі арабтың «кәфәнә» сөзінен шыққан, ол «орауыш» деген мағынаны білдіреді. Кебінге жаңа, таза жұқа кездеме, дәке пайдаланылады. Мәйітті ақ матаға орауды кебін кигізу, кебіндеу деп атайды», – деген бас имам мешітке жиналған жамағатқа кебін тігу тәртібін түсіндіріп, кеңінен баяндады. Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.