Айшабибі ауылы, мәдениет үйінде үйірме жетекшісі Ешенқұл Мадина және заңгер Алма Ержанқызы мен бірлесе отырып қазіргі таңда айықпас дертке айналған "Интернет ойындары және Лудомония ғасыр індеті",-атты мектеп оқушылары және ауыл жастарымен тәрбие сағаты өтті.
Өз ойларын ортаға салып Тараз қалалық Әзірет-Әли мешітінің имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Есіркепов Абзал Есенұлы, осы індетпен күрес жүргізіп жүрген Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Балғабай Бауыржан Берікбекұлы және Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының директоры Тоқсаба Жандар Жамбылұлы жастарға мейлінше жан-жақты кеңес жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты да лудомонияға түсінік беру, құмарлық ойындардың зиянды жақтарын, қоғамға кері әсерін әңгімелей отырып, Жастарды ондай ойындарға әуестенбеуге шақыру болатын.