Шу ауданы «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы мен Әжелер алқасының мүшесі Дариха Шонжаркызының ұйымдастыруымен «Пайғамбардың отбасындағы тәрбиесі» атты семинар отырыс өтті.
Шара аясында дастархан жайылды. Дастархан басында Алла Елшісі (с.ғ.с.) өнегелі өміріне қатысты сұрақ-жауап айдарында жиналған әйел қауымы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) шұғылалы өмір-белестерінен зор мағлұмат берді.Кеш соңында ақсамайлы аналар демеушілерге алғыстарын білдіріп, мерекенің сәнің кіргізді.
 
 
 


                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

