Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы мешіт жамағатына еліміздегі “салафи-уахабилік” діни ағымы туралы кең көлемде түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Ахат Қайыпбергенұлы аталмыш діни ағымның шығу тарихы, саясилануы, үштік сенім ақидасы, өз ішінде бірнеше ірі топтарға бөлінулері туралы кеңінен тоқталды. Жастарымызды аталмыш діни ағымнан сақтандырудың маңыздылығын айтып, тілге тиек етті. Жиын соңында, жамағаттан бірнеше кісі имамға сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.