Жамбыл ауданы №6 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаевтың қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға 21 адам қатысты.
Тақырып жан-жақты талқыланып түсіндірілді. «Ислам бейбітшілік пен амандық» деген мағынаны беретіндіктен исламда экстремизм мен терроризмге орын жоқ. Дінімізді маманы болмағандар мен хабарсыздар былғағысы келеді. Діни сауатты болу - заман талабы» - деп атап өтті «Бәйдібек» мешітінің бас имамы.