IV АЙМАҚ ИМАМДАРЫ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

IV АЙМАҚ ИМАМДАРЫ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы IV аймақ имамдарына Аққия ауылы «Аққия» мешітінде «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.

Бақытбек Бауыржанұлы дәрісте: «Біз – «Әһлу сүннет уәл-жамағат» жолын, Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келе жатқан халықпыз. «Әһлу сүннет уәл-жамағат» деп ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті мен мұсылман жамағатымен бірге жүретін мұсылман үмбеті деген мағынаны білдіреді. Алла елшісі хадис-шәріпте: «Шын мәнінде, менің үмбетім адасушылықта бас қоспайды. Егер қарама-қайшылық көрсеңдер міндетті түрде қара топпен (яғни көпшілікпен) бірге болыңдар», – деген.

Әһлу сүннетте екі ақида мектебі бар: Матуруди және Әшғари. Ал фиқһта 4 мектеп бар: Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали. Жее бетіндегі барша мұсылманның басым көпшілігін 4 мәзһабтан тұратын сүнниттер құрайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: