Ислам және дәстүр құңдылықтары жылына орай Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев ұйымдастыруымен орталық «Жәми» мешітінде мәуліт дастарханы жайылды.
Намазда бір сап түзген ауыл имамдары ақ дастархан басында қонақ болды. Игі шараның берекесін кіргізген облыстың наиб имамы Бақытұлы Нұралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүннеттері, бала тәрбиесі жайында сыр шертілген насихатпен сусындады.
Дастархан басында «Амангелді» мешітінің молдасы Абдрайымов Әбубәкір «Мәуліт жырын» орындап, жамағат ризалықтарын айтып, тарқасты.