«Тазалық – иманның жартысы» – деген хадис мұсылмандарды тазалыққа жіті мән беруге шақырған. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын жеріміз нәжістен таза болуы шарт.
Егер, осы аталған үшеуінің бірі таза болмаса намазымыз да дұрыс болмайды. Сондықтан да, мұсылман адам үшін ең маңызды амал – тазалық. Қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін, "Тазалық – денсаулық кепілі" деген бір ауыз сөзбен білдірген.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылы,"Құдайберген " мешіті ұстазы Малика Аханқызы мен әйел-қыздар жамағаты дәріс алатын сыныбына жөндеу жұмыстарын жасады. Сыныптарды тазалап, ішін сырлап, сабаққа және қысқа даярлық жасады. Мешіт ұстазы осындай игі іске атсалысқан жандарға өз алғысын білдірді.