ҚОРДАЙ: ДҮНГЕН ШӘКІРТТЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

ҚОРДАЙ: ДҮНГЕН ШӘКІРТТЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы Масаншы ауылындағы Қордай Құран қариларын дайындау орталығының шәкірттерімен кездесті.

Жүздесу Масаншы ауылы «Мұсылмандар» мешітінде болып өтті. Бас имам қазақ тілі дәрісін үйреніп жатқан шәкірттерге тіл үйренудің тиімді тәсілдерін үйретіп, білім алудың маңыздылығын түсіндірді. Алған білімдеріне береке сұрап, дұға қылды.

Айта кетейік, «Қордай Құран қариларын дайындау орталығында» білім алып жатқан дүнген ұлтты шәкірттерге Қордай ауданы тіл орталығы маманы Анара Мукашқызы аптада 3 рет қазақ тілінен дәріс беруде. Сонымен қоса студенттер аптада 7 күн бесін намазынан кейін жоғары курс қазақ шәкірттерінің бастауымен әр бесін намазынан кейін мешітте қалып мемлекеттік тілді үйренуге атсалысуда.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: