Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде алғашқы көмек көрсету жәшігі орнатылды.
Дінімізде адам денсаулығын сақтау маңызды іс болып табылады. Шариғаттың мақсаты деген мәселеде адамның жанын сақтап қалу шариғаттың негізгі мақсаттарынан. Мешіт бұл қоғамдық орын болған себепті неше түрлі адамдар келеді, әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін, оқыс оқиғалар орын алуы ғажаб емес. Осы орайда «Меркі ата» мешітінің ұжымы мешіттің бір бұрышына алғашқы көмек көрсету жәшігін орнатты.