Меркі аудандық "Меркі ата" мешітіне көмек сұрап, жағдайын айтып келген мұқтаж жанға, бас имам Азамат Берікұлы анамыздың көмек сұрап келген қолын бос қайтармай, қажетіне жаратсын деп қаржылай жәрдем беріп жіберді.
Ақжаулықты анамыз мешіт имамына алғысын айтып, ризашылығын білдіріп қайтты. "Қоғамда әрдайым көмек көрсетуге ниетті қамқор азаматтар барда арамыздағы мұқтаж кісілердің жүздеріне күлкі үйірілтетін іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек", – деді бас имам.