Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылы «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен «Жан жылуы дертке дауа» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Шара аясында жағдайы төмен мүмкіндігі шектеулі жандардан бес отбасыға 50 000 теңгені құрайтын азық-түлік салынған пакеттер үлестірілді. Осы игі шараны ұйымдастырушы Қанат Тұмарбекұлына көмек алған отбасылар алғыстарын айтты.