Күренбел ауылдық округіне қарасты ауыл мәдениет үйінде мешіт молдасы, ауыл азаматтары және ақсақалдар, жастар инспекторы, әкімшіліктен бас мамандармен « Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Әскертайұлы Рамазан дінге байланысты қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт - дәстүрлерін қастерлеп сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат салысу барысында ой өрбітті.