Жаңа қайырымдылық науқаны Ираннан бастау алды. Республиканың әрбір қаласында «Мейірімділік дуалы» пайда болды. Бұл қабырғаға киім ілгіштер ілінген. Кез келген адам онда киім қалдыра алады. Ал, мұны мұқтаж адамдар өздеріне алады. Әсіресе, бұл шара Иранның қақаған аязын алып келетін қыс мезгілінде тиімді. Өйткені, халықтың жылы киімге деген сұранысы артады.
Алғаш қабырға Мешхед қаласында пайда болды. Тағы бір жаңа кедейлердің ахуалына байланысты ерекше ойтүрткіні жақын арада іске асыру көзделіп отыр. Иран қалаларында арнайы тоңазтқыштар орнатылмақ. Онда мұқатаждарға арнап адамдар тағам қалдырмақ.
һibatulla.kz