Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету мақсатында «Имандылық - асыл қасиет» атты сұхбат кеш өтіп, жастар тәрбиесінің маңыздылығы насихатталды.
Іс-шарада «Майлыбай» мешітінің бас имамы Молдаханов Нұртөлеу «Әрбір ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» деген хакім Абайдың сөзін келтіріп, иман және имандылық тәрбие жайлы және мұсылман баласына жат болған әдепсіз істерден бойды аулақ ұстап, кешірімділік пен мейірімділікте, жанашырлықта болу туралы айтып өтіп, дініміздің жастардың руханиятына қосатын үлесін түсіндірді. Байқадам ауылдық округі әкімінің аппарат жетекшісі Еспенбетов Мұрат жастарға адами құндылықтар туралы айтып, өз пікірін білдірді. Саудакент ауылдық мәдениет үйінің әншісі Жұматаев Салқынбек Майлықожаның ғибратты «Өсиет» термесін орындап берді. Сұхбат кеш имандылық ұғымын түсіндіріп, өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге бағыт берді.