Жамбыл облысы Байзақ аудандық емханада аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы мен мешіттің молдасы Арман Ерболұлы емхана қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинарда «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі жайында Арман Ерболұлы баяндап, адам баласы жан тәсілім еткеннен кейін атқарылатын шараларға тоқталды. Мысалы адамды кебіндеу шарасы қалай жүзеге асырылады деген сауалға Арман Ерболұлы: «Арнайы ақ мата алынып оны пішеді. Ер адамға 20 метр, әйел адамға 25 метр мата жұмсалады. Ер адамда көйлегі, сырқы және ішкі жабындысы болады. Ал әйел адамда көйлегі, сыртықы және ішкі жабындысы мен орамал, көкірек жапқыш болады», - деп қайтыс болған адамды жуындыру мен кебіндеу үлгісін көрсетті.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы емхана қызметкерлері қойған түрлі сауалдарға жауап берді.