БАС ИМАМ ТҰСАУ КЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

БАС ИМАМ ТҰСАУ КЕСЕР РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы «Әбдімажит» мешітінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы тұсау кесер рәсіміне қатысты.

Салтанатты шара барысында  облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы осы мешіттің соғылуына, ауыл жастарының бастамашысы болып жүрген азамат Нұрлан Исақовтың ұлы Мұхаммедтің тұсауын кесіп, бүлдіршіннің алдағы жолы ашық болсын деп ақ батасын берді.

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне өте ерекше мән берген. Оның айқын дәлелі – сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап есейгенге дейін орындалатын салт-жоралғылар. Соның бірі – тұсаукесер. Тұсаукесер – табаны жерге тиіп, қаз-қаз басқан сәбидің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы, тойдың басы. Сәбидің жүргеніне қуанған ағайын мал сойып, той жасап, алғашқы қадамына жақсылық тілейді. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: