Күллі әлем мұсылмандарының қасиетті шаһары Мекке өткен аптада миллиондаған қажыны қабылдады, деп хабарлайды Arab News.
Сауд Арабиясы корольдігі Қажылық министрі Бандар Хаджар таяу айлардың бірінде қасиетті Қағбаға 6 млн мұсылман тәуап ететінін мәлімдеді.
Қазіргі күннің өзінде Мекке мейманханалары толып қалған. Сол себепті, көптеген қажылар әл-Харам мешіті ауласында, көшелерде намаз оқуға мәжбүр болып отыр. Намаз уақытынан бір сағат ерте келген адамдардың өзі Үлкен мешітке кіру мүмкіндіне жете алмайды.
Осындай бұрын-соңды болмаған көріністің бір себебі мектептердегі демалыспен сәйкес келуі және қажылық операторларының жеңілдетілген жолдамалар ұсынуынан көрінеді.
ummet.kz-ақпарат