Америкалық Массачусетс штатындағы Вустер қаласының мұсылмандары жергілікті мешітте ашық есік күнін ұйымдастырмақ. Бұны жасамақ болған белсенділер америка қоғамының исламфобиялық көңіл-күйін бәсендетуді мақсат етіп отыр.
Ашық есік күні 9 қаңтарда жергілікті орталық мешітте өтпек. Ұйымдастырушылар келген қонақтарға Ислам тарихы мен салт-дәстүрі жайында баян етпек.
Вустера мешітінің имамы Тахир Әлидің айтуынша, американдықтар қастарында тұратын мұсылмандардың өздері қатарлы АҚШ-тың профессорі, дәрігері, мұғалімі екенін білуі керек. Мешіт қонақтарына тіске басар тағамдар тайындалып, баскетболдан сайыс жүргізілмек. Ал, келушілер Ислам жайындағы көкейкесті сауалдарын қоя алады.
һibatulla.kz


03 Сәуір 2026
15 Шавваль 1447

