БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам діні және дәстүр құндылықтары: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыпта аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде облыстық конференция өтті.

Алқалы жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев, облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бақтияр Алпысбаев және Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл аудардарының имамдары, дін қызметкерлері, аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ауылдық округтердегі дін істері жөніндегі мамандары, білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Алдымен конференцияға жиналған халық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы дайындаған «Ислам және дәстүр құндылығы» және «Байзақ баба» мешітінің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы бейнероликті тамашалады.

Конференцияны аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ашып, жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған Облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев дін мен дәстүрдің үндестігін сақтау – ұрпаққа жүктелген міндет екендігін жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов асыл дініміз бен ұлттық құндылықтарымыздың сабақтастығына басымдық бере отырып, ауданымызда 35 мешіт жұмыс жасайтындығын, Бурыл, Түймекент, Құмжота ауылдарында жаңа мешіт құрылысы жүргізілсе, Үлгілі, Көктал ауылдарындағы мешіттер кеңейтіліп жатқандығын айтты. Ел алдында тұрған міндеттерге тоқтала келе, конференция жұмысына табыс тіледі.

Әрмен қарай облыстың бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы «Дәстүр құндылықтарына негізделген рухани тәрбие» тақырыбын қозғады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы «Ислам діні ғылымға негізделген» дәрісін оқып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бақтияр Алпысбаев «Қазақ ойшылдарының діни танымы және руханияты» тақырыбында баяндама жасады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: