Тараз қаласы «Әзрет Әли» мешітінің имамы Таласбаев Есет «Нәметбай» мешітінің жамағатына Исламдағы әдеп тақырыбында уағыз-насихатын айтты. Жамағат арасында көбіне әдеп сақталмайтындығын, дәретханаға кіргенде, мешітке келген орындалатын әдептердің барын және осы нәрсеге көңіл бөлу керектігін алға тартты.
Өз сөзін ғибадаттар қалай дініміздің әмірі болса, ахлақи міндеттерді орындау да дініміздің әмірі. Исламдағы ғибадаттардың негізгі мақсаты – адамдарды жаманшылықтан тыйып, ізгі ахлақты болуға тәрбиелеу деп аяқтады.