Мойынқұм ауданының бас имамы Р.Еспенбетов Мыңарал ауылдық округына барып ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты.
Дәстүрлі дін бабалардан біздерге мирас болып кележатқан сара жол. Осы жолды насихаттау барысында Мыңарал халқымен кездескен аудан имамы дәстүр мен дін егіз ұғым, екеуін бөліп қарауға болмайтынын жеткізді. Ұрпағымыз жат ағым жетегіне еріп кетпеудің жалғызғана жолы ол дәстүрлі бабалар ұстанымын берік ұстану екендігін нақтылап айтты.