МЕРКІ: ҚҰПТАН НАСИХАТЫ АЙТЫЛДЫ

МЕРКІ: ҚҰПТАН НАСИХАТЫ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің құптан намазына жиналған жамағатқа «Құранның қадір қасиеті» тақырыбында уағыз – насихат айтылды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан жиналған жамағатқа Алланың қасиетті Кәләмі Құран Кәрімнің қадір қасиеті, Құран оқудың маңызы мен оның сауабы жайлы насихат айтып, жамағатты Құран оқып үйренуге шақырды.

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Жаратушы Құранның бір уақытта емес, белгілі уақыттар арасында бөлім-бөлім болып түсірілу себебін адамдардың жүрегіне иманды орнықтыру үшін деп хабарлаған: «Ал, күпірлік етушілер: «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» деді. Біз жүрегіңдегіні онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен (анық етіп) оқып бердік» Құран жүрекке иманды орнатып, Алламен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды. «Әнфал» сүресінің 2-аятында: «Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)», – делінген. Құран жүрекке байсалдылық пен саламаттылықты орнатады. Сондықтан оны жамандықтар мен бүліктердің құйынды желдері теңселте қоймайды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: