«Төле би» мешітінде әйелдер сыныбының ашылу салтанаты өтті. Аталған мешіттің ұстазы Насихат Доғдырбайқызы және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жамағат ақ дастархан басында жүздесті.
Салтанатты шараны Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Құран оқумен ашып, лентасын қиды. Білім алу әрбір мұсылманға парыз екенін тілге тиек етіп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, бұл іс-шараға «Жәми», «Кәрібай молда» мешітінің шәкірттері қонақ болды. Көпшілік қызық ойындар ойнап, насихат тыңдады.
Жиын соңында, аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлына жамағат өз алғысын, жылы лебіздерін айттып, тарқасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.