Бес жасар қыз әкесін құтқарды

Бес жасар қыз әкесін құтқарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыбританиялық бес жасар Холи әкесіне дер кезінде екпе салып, өмірдегі ең аяулысын құтқарып қалды. Әкесі Барри Баркесс бірнеше жыл диабет дертімен ауырады. Бір түні оның хәлі нашарлайды. Өзіне екпе жасауға талпынғанымен, дәрі-дәрмегіне жете алмай құлап түскен. Осы сәтте Холли ұйқысынан оянып, әкесін іздейді.

Холли әкесіне жеткен кезде, ол ес-түссіз жатты. Алайда, кішкентай қыз еш жүрексінбестен, әкесінің дәрісін алып, оған екпе жасады. Осыдан соң сапарда жүрген анасына қоңырау шалады. «Түнде қызым мені оятқандай болды. Мен тұруға талпындым, бірақ шамам келмеді. Сосын ас бөлмеге жер бауырлап, жылжып, дәрімді алмақ болдым. Осы уақытта ұйқысы ашылған Холли әкесіне не қажет екенін, не істеу керектігін түсінген сияқты. Қызым болмағанда мен енді бұл дүниеде болмас па едім» дейді Барри Баркесс қызының қайсарлығына тәнті болып. 

e-islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: