Жақында АҚШ-та жүргізілген сауалнама қорытындысында жарияланғандай респонденттердің 54% -ы Америка құрама штаттарына мұсылмандардың келуіне тыйым салуды қолдады. Сонымен қатар, республикалық партияның 30% жақтастары және Америка Құрама Штаттарының Демократиялық партиясының 19% жақтастары Аграбы қаласын бомбалаудың қажеттілігі туралы идеяны қолдайтындарын жеткізді. (Аладдин жайлы мультфильмдегі қала).
Исламфобияның өсуіне байланысты фотограф Роберт Герхардт осы елде тұратын мұсылмандар, сондай-ақ, кез келген басқа тұрғындар, олардың ел қатарлы жұмыс жасауы, білім алуы, балаларын тәрбиелеуі және полиция қызметін атқаруы, тіпті басқа конфессиялардағыдай бәрін бірге жасайтынын көрсететін өзінің 2010 жылы іске қосылған «Мұсылман/Американдық, Американдық/Мұсылман» ("Muslim/American, American/Muslim") атты жобасын жалғастыруда.
hibatulla.kz