Анджелина Джоли өзінің «Асыраушы» атты анимациялық фильмінен түскен табысының ауған қыздарының білім алуына жұмсамақ. Аталмыш фильм 2017-жылы экран бетіне шығарылмақ. Сопродюсер Нор Твомидің айтуынша, жазушы Дебора Эллис романының желісімен түсірілген фильм тек қана ағылшын тілінде ғана емес, дари және пушту тілдерінде де көрсетілуі мүмкін.
Соңғы жылдары голливуд жылдызы әрі БҰҰ-ның елшісі болған Анджелина Джоли Ауғанстан елінде осы уақытқа дейін өз еркімен бірнеше рет болып қайтқан. Ол, сондай-ақ, Ауғанстанның солтүстігіндегі әйелдер мектебін де қаржыландырып отыр.
hibatulla.kz