Тараз қаласының мешіттерінде ауқымды тазалық жасалды. Мешіт терезелері, ішкі кілемдері, сөрелері тазаланып сүртілді.
Ұлтымыздың ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Сабаз болсаң жердей бол, жер бәрін шыдап көтереді, таза болсаң судай бол, су бәрін жуып кетіреді»,- деп тазалықтың маңыздылығын жырына қосқан. Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған.