Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінің кілімдеріне химтазалау (химчистка) жұмыстары жүргізілді. Мешіт тарапынан іс-шараға 400 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.
Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Сондықтан мешіттің жыртығын жамауға атсалысып жүргендерге пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Үлкен сынаққа үлкен сауап бар».