Шушада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан барлық түркі елдерінің билігін бірыңғай әліпби енгізуге шақырды, деп хабарлайды Hurriet.
«Жаһандық бәсекелестіктің біздің аумақтарға әсер етуіне жол бермеу үшін біз жақындап, өзара өркендеу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Атап айтқанда, біртұтас әліпбиді тезірек бекітуіміз керек», - деді. Қазір Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан латын графикасын қолданса, Қазақстан мен Қырғызстан кириллица әліпбиін қолданады. «Біз коммуникация, энергетика, қаржы, сауда, қорғаныс, өнеркәсіп және жаңа технологиялар сияқты салалардағы болашақ ынтымақтастықтың негізін қалауымыз керек», - деді Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы.