Мысырда алғаш рет тек әйелдерге арналған автобус жұмысын бастады. Бүгінде сұлу жаратылыс иелері әйелдерге арналған 6 автобус жүреді, сондай-ақ, тағы бір қоғамдық көлік мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған.
Араб елдері мұны көптен бері тәжірибеде сынап келеді. Каирда әйелдерге арналған арнайы вагондар мен метро, қызғылт таксилер болғанымен Мысырда ұзақ уақыт бойы мұндай көліктер болмаған. Алғашқы "қызғылт түсті" автобустар эксперимент ретінде аталмыш республиканың солтүстігіндегі Даманхур қаласында іске қосылған.