Бирмингемде табылған Құран Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін.

Бирмингемде табылған Құран Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бирмингем университетінен табылған қасиетті Құранның көне нұсқасының фрагменттері ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі игілігі болсын) ең жақын серіктерінің бірі болған саңлақ сахаба Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін. Мамандардың пайымдауынша, 1370 жылдық көне Құран жасырулы тұрған өзге де қасиетті кітаптардың арасынан табылған.

Малдың терісінен иленген пергаменттегі сүрелер мен аяттар араб қарпінің ежелгі түрімен жазылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл Құран біздің дәуіріміздің 568-654 жылдары жазылған болуы мүмкін. Ислами білім беру қорының бас директоры Жамал бин Хурейбтың айтуынша, бұл Құран мұсылмандардың алғашқы халифасы Әбу Бәкірге (р.а.) тиесілі болуы мүмкін. Ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) отбасынан кейін Исламды қабылғанағандардың алғашқысы болған. Сөйтіп, 632 жылы алғашқы халифа атанған.

Ал көне Құран жұрнағы табылған аталмыш жоғарғы оқу орнының профессоры әрі ислам және христиан діндерін зерттеп жүрген ғалым  Дэвид Томас басқаша пікір білдірді. Бұл көне Құран жұрнағы Әбу Бәкір (р.а.) қайтыс болғаннан кейін 20 жылдан соң хатқа түскен.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: