Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің әйел-қыздар шәкірттері арасында құран жарысы ұйымдастырылды. Жарысымыздың алғашқы сөз басын мешіттің бас имамы Түзелбек Қуаныш бастап берді. Құран жарысына 11 шәкірт қатысты. Жарыс жарты пара және 15 сүре жаттаған шәкірттер арасында өткізілді. Жарысқа “Меркі Ата” мешітінің ұстазы Тілеубердиева Медина ұстаз келіп төрелік етті. Жарыста жеңімпаз атанған шәкірттерге ақшалай сыйлықты табыстау шарасына аудандық мешіттің наиб имамы Сұлтаншәріп қажы келіп қатысты.
Жарты парадан:
1-орын Елтизерова Гүлзат
2-орын Телекей Әмина
3-орын Базарбаева Гүлжайна
15 сүреден:
1-орын Асан Айкен
2-орын Нұр Кәусар
3-орын Сабитжанова Назерке,- жүлделі орындарға ие болды.
Құран - сауабы таусылмас, Алла Тағаламен байланыстыратын әлем.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі