Dolce&Gabbana итальяндық сән үйі хиджаб пен абаяның шектеулі жинағын шығарды. Instagram желісіндегі Доменико Дольче және Стефано Габбана дизайнерлерінің ресми парақшасында "Woman`s day" хабарлауында мұсылмандық үлгідегі эксклюзивті киім киген сәнгерлердің суреті жарияланған. Барлық көйлектер итальяндық жібек пен шілтерден (кружева) тігілген. Коллекция бірегей сарғылт-алтын және қара түсті гаммамен әшекейленген.
«Дольче мен Габбана әзірлеген сәндік киімдер шығыс үлгісінде жасалғанына қарамастан кез келген европалық сәнқойдың гардеробынан табыла алады,» дейді ақпаратта.
Дегенмен, Италияның кейбір өңірлерде билік мұсылманша жабық көйлек киюді шектеуге тырысатынын айта кеткен жөн. Желтоқсанның басында солтүстік Италиядағы Ломбардия өңірінде ниқап пен бурка киюге тиым салған болатын.
Һibatulla.kz