Жаңа қабылданған заңға сәйкес, енді Абхазия республикасы аумағында түсік жасатуға толықтай тыйым салынады.
Парламент депутаты Саид Харазият жаңа заң демографиялық проблеманы шешудің тиімді жолы екенін айтты. «Біз елдің демографиялық өсіміне жауаптымыз. Осы заң арқылы дүниеге келуі тиіс сәбилерге жасалатын қылмыстың алдын аламыз» деді депутат.
«Тек тыйым салумен халық өсімін жетілдіру мүмкін емес. Бұл кезекте әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық-насихаттық жұмыстар көбірек жүргізілуі тиіс» дейді парламенттегі президент өкілі Д.Шамба.
ummet.kz-ақпарат