Сауд Арабиясы Ирактан келген 104 жастағы қажы Казимия Хатимді қарсы алды. Әйел елге 33 мың азаматпен бірге келіп, 2024 жылы қажылық парызын өтеген ең қарт адам болып шықты. Әйел әуелі Мәдинаға жетіп, Пайғамбар мешітіне барғаннан кейін көмекшісі Әли Абдель Риза Казиммен бірге мұсылмандар үшін қасиетті екі қаланы байланыстыратын «Әл-Харамейн» жүрдек пойызымен Меккеге қатынады.
Биыл қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусымда аяқталады. Қажылық – Ислам парыздарының бірі. Мұны атқаруға мүмкіндігі бар әрбір сау адам міндетті.