«Рим Папасы 3-6 қыркүйек аралығында Индонезияға сапар шегуді жоспарлап отыр, 5 қыркүйектегі сапары барысында ол «Истиқлал» мешітіне келеді», - дейді мешіт имамы Насаруддин Умар, Ислам News агенттігі The Jakarta Post-қа сілтеме жасап.
Папаның Азия мен Океания елдеріне екі апталық саяхатының алғашқы аялдамасы Индонезия болмақ. Понтифик Папуа-Жаңа Гвинея, Сингапур және Тиморға да барады. Индонезия президенті Джоко Видодо бұған дейін 87 жастағы понтификті әлемдегі мұсылмандары ең көп елге дінаралық диалогты ілгерілету үшін шақырған болатын. Рим Папасы Франциск бастапқыда Индонезияға 2020 жылы баруды жоспарлаған, бірақ бұл сапар коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған еді.