#Шу: «Төле би» мешіті жөндеу жұмыстарын аяқтады

#Шу: «Төле би» мешіті жөндеу жұмыстарын аяқтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Исламның ең үлкен құндылықтарының бірі – мешіт. Шу ауданына қарасты «Төле би» мешіті күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Мешіт ішіне кілем төселіп, 3 аспалышам ілінді. Ортадағы биік  мұнара қазақи ою-өрнектермен безендіріліп және мешіт қабырғаларына сақабалардың аты жөні ойылып түсті.

Қасиетті жұма күні келген жамағатқа мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы  уағыз айтып, қолдау көрсеткен мұсылман жандарға алғысын жеткізіп, батысын берді.

Шу ауданы «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: