Марри мешітін 1882 жылы Оңтүстік Австралияда «Ауған» деп аталатын Австралиялық қоғамдастықтың мүшелері салған болатын. «Ауғандықтар» Британдық Үндістанның тумалары және түйе бағушысы мен жүргізушілері болып жұмыс істеді.
Мешіт Абдул Кадир есімді түйе жүргізушілерінің бірі болған адамның авторлық жобасы бойынша салынды. Одан басқа Әсим хан есімді молда ХХ ғасырдың басында мешітінің имамы болды.
Марридың қаласында өз атауын алған екі мешіт болған, бірақ екінші мешіт 1910 жылдары қараусыз қалған. Сондай-ақ, Марридағы үшінші мешіттің 1956 жылы бұзылғаны туралы деректер сақталған. Оны тайпасы өз артынан еріп ислам жолымен жүруді қойған соң осы мешіттің имамы Сеид Гуламдиннің өзі сақтаған. Кешірек 2003 жылы мешіт сол «Ауғандықтар» ұрпақтарының ұйытқы болуымен қайта қалпына келтірілді.
Һibatulla.kz