Сауд Арабиясында 10 мыңға жуық қыз-келіншек қызғылт түсті киім киіп, бүгінде әйелдер арасында өршіп бара жатқан рак ауруына қарсы сапқа тұрды.
Осылайша, мұсылман әйелдері футбол алаңында әйелдердің денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, Гиннесс рекордына енді. Сондай-ақ, қызғылт түсті киім рак ауруына қарсы символ деп танылды.
«Біз болашақ ұрпақпыз және болашақтың жарқын болуы үшін осы бастан өзімізге жақсы қарауымыз керек. Олай болмаған жағдайда болашақтың күні қараңғы болмақ» дейді шараға қатысушылар.
e-islam.kz