Жат ағымнан сақтану жолы

Жат ағымнан сақтану жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   «Жау жоқ деме,  жар астында» демекші,  жер бетінде қауып-қатер көбейіп тұрған кезде сақтанбауға және сақтандырмауға болмайды.

   Ел ішінде теріс пиғылды діни ағымдардың кіріп алғаны жасырын емес. Өзге ұстанымды уағыздайтын олар, ұлттық құндылықтарымызбен болмысымыздан айыруды көздеді. Халқымыздың сан ғасырлық діни сеніміне, таным түсінігіне өнері мен салт-дәстүріне мүлде қарама-қайшы. Бұл індеттің қауып катері соншалық, баласы шешесінің қолынан ас ішпейтін жастарды пайда қылуда. Жат ағымның жетегінде жүргендер, қоғам үшін қай кезде де қауіпті.

   Ислам - бұл тыныштықты бұзу үшін емес, теріс пиғылды тыю үшін жіберілген мейірім діні. Ата-бабаларымыз да сан ғасыр бойы дәстүрлі дінді өмірлеріне негізгі дінгек етіп ұстанып, ауызбіршілікпен бейбіт ғұмыр сүріп келді. Жат ағымдар деген ұғым болмаған. Бар қазақ бір дінді, бір мазхабты ұстанып,  сенімі де, мақсат-мүддесі де бір болды.

   Дінге бет бұрған жастар толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірейбесі аз, уақытша қыйындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Ал жастар  құран, намаз туралы ақпараттарды мешіттерден емес, көшеден, бейсауыт адамдардан, тіпті интернеттен де алып, адасып, пәлеге ұрынып қалаыпта жатады. Ата-діннен сауаты болмай жат ағымдардың жетегіне еріп кеткен жатарды теріс пиғылдардан арашалағаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді екені анық.

   Мұндай теріс әрі зияны мол амал-әрекеттердің алдын алудың жолы, сақтану    жолы – ол білім. Ал дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше. Тіпті Құранның ең алғашқы түске аяты да «Оқы» деумен басталады.  «Нәхл» сүресі 43 аятында: «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар», «Зумар» сүресі 9 аятында «Білгендер мен білмегендер тең бе?» деп білімнің адам өмірінде алатын орны қаншалықты маңызды екенін көрсетіп тұр. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, дәстүрлі исламды яғни Ханафи мазхабы бағытында сауатымызды ашып, ізденуіміз керкек. Сонымен қатар, жауабы табылмаған діни сұрақтар болған жағдайда, білікті дінтанушы мамандарынан, мешіт имамдары мен медресе ұстаздарынан сұраған жөн. Қазір, елімізде діни сауат аламын деушілерге бар мүмкіншіліктер жасалған. Білікті мамандарымыз, ұстаздарымызда жеткілікті.

 

Нұрсұлтан АТАНБАЕВ

Қордай ауданы,  Өтеген ауылы «Өтеген» мешітінің ұстазы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: