#Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ МЕН ШӘКІРТТЕР ТАБИҒАТ АЯСЫНА ШЫҚТЫ

#Байзақ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ МЕН ШӘКІРТТЕР ТАБИҒАТ АЯСЫНА ШЫҚТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

            Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағаты мен «Имани жаз» сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер табиғат аясына шығып дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында спорттық ойындар ойнап аудан бас имамы Қанат Әділханұлының насихатын тындады.

         Қанат Әділханұлы насихатында: «Құран сөзімен айтқанда, білмеген мәселеде: «Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар», – деген аятты басшылыққа алуымыз керек («Әнбия» сүресі, 7-аят). Аллаға құлшылық ету, қоршаған ортамен үйлесіп, шариғат бойынша өмір сүру үшін мұсылманға діни әрі зайырлы білімді қатар алып жүру – заман талабы. Жейтін асымыз халал болуы үшін мал және диқаншылықпен айналысу қажет. Өндіріліп жатқан өнімге харам қоспа қосылып кетпеуі үшін технолог, биолог және химик маман болу, науқасты емдеу үшін білікті дәрігер болу керек. Ол үшін мұсылманға оқу керек», - деп «Білім алудың манызы» тақырыбында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: