#Шу: Тасөткел ауылында мешіт салынуда

#Шу: Тасөткел ауылында мешіт салынуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – мұсылман қауымның Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш табатын,  арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінажат үйі. 

Шу ауданына қарасты 56 үй тұрғыны бар Тасөткел шағын ауылында жаңа мешіт құрылысы жүріп жатыр. Мешіт жаңынан асхана, дәретхана, қонақ жай қарастырылған.

Айта кетейік, мешіт қазақ хандары Керей мен Жәнібек алғаш ту тіккен Қозыбасы тауында орналасқан. Ауыл ақсақалдары тұңғыш хандық құрылған жерде бойкөтеріп жатқан мешітке қазақ хандардың атын беруді ұсынды.

Көпшілік қадірлі ғимаратты келешек ұрпаққа туристік жәдігер ретінде қалдыруды мақсат етеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: