#Байзақ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

#Байзақ: ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде ауданға қарасты ауыл имам-молдалары аудан әкімінің грамотасымен марапатталды.

Арнайы шараға Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек Төлегенұлы, Жамбыл облыстық дін істері басқармасының басшысы Мыңбаев Сәкен Сәрсенбайұлы, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы Билер кеңесінің төрағасы Сәлімбаев Исағали Бошқайұлы, аудан әкімінің орынбасары Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ауданның қоғамдық өміріне белсене атсалысып, діни тұрақтылықты сақтауға, имандылықтың қалыптасуына қосқан үлесі үшін бірқатар діни қызметкерлерге аудан әкімінің Грамотасын табыстады. Атап айтар болсақ:

  1. Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлы;
  2. Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы;
  3. Байзақ ауданы Қызыл  жұлдыз ауылдық «Бейшен» мешітінің имамы Акбар Токтасынұлы;
  4. Байзақ ауданы Ақжар ауылы «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы Бауыржан Жұмабайұлы;
  5. Байзақ ауданы Тегістік ауылдық «Тегістік» мешітінің имамы Бақытбек Бауыржанұлы марапатталды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: