#Шу: Ауылда бата атудан жарыс өтті

#Шу: Ауылда бата атудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бата – қазақ халқының қазынасы. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. 

Қарты бар үйдін шырағы еш сөнбейді. Бойына қазақ дәстүрін сіңірген Белбасар ауылының ақсақалдары аудандық батагөй байқауына қатысты. Қариялар өлеңдетіп көркем сөзбен, шешендік тілмен алақаның жайып салып, бақтарын сынады. 1 орынды Ақсу ауылынан Оңлахан Сырлыбаев жеңіп алып, теледидар иеленді. 2 орынды Жаңа жол ауылынан Батырбек Раймбеков иеленіп, электротолқынды пешті сылыққа алды. 3 орынды  Белбасар ауылынан  Азиз Әбдешов иеленіп, шаңсорғыс тарту етілді. Ал қалған қатысушыларға жлектротолқынды шайнек сыйға берілді.

Кештің құрметіне баларға батут құрылып, 1000 дана балмұздақ таратылды. Жамағат арасында футбол ойыны жасалып, 1 орынды "1977 жылғы ерлер" тобы жеңіп алып, 100 000 теңге сыйлықты қанжығасына байласа, 2 орынды "Ауыл әкімдері" тобы, 3 орын "Белбасар" тобы жеңіп алды. "Арқан тартыс" сайысы бойынша жеңімпаздарға 1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 70 000 теңге, 3 орынға 50 000 теңге қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал "ләңгі тебу" бойынша 1 орын теледидар, 2 орын шайнек топтамасы, 3 орын желдеткіш сыйлықтарын алса, "Гір тасын көтеру" сайысы бойынша 1 орын теледидар, 2 және 3 орынға шайнек топтамасы ұсынылды. Ал "түйе палуан" сайысы бойынша  1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 70 000 теңге, 3 орынға 50 000 теңге қаржылай сыйлықтар табысталды.

Құрбан айттың екінші күнінде, байқауды тамашалаған ауыл тұрғындары көтерінкі көңіл-күймен бөлісті. 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: